Ақтау қаласына ІІМ-нен арнайы комиссиясы барды

Ақтау қаласына ІІМ-нен арнайы комиссиясы барды

Бүгін шамамен сағат 17.00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен) Маңғыстау қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінде сотталғандарға арналған жатақханасының бірінде екі қабатты ғимараттың біртіңдеп құлауы орын алды.
Осы сәтте оқиға кезінде жатақхана ішінде 10 адам болған, оның 9-ы шығарылды.
Алынған жарақаттар нәтижесінде 2 сотталған қаза болды, қалғандарының жағдайы қанағаттанарлық. Нақты көмек көрсетілуі үшін жәбірленушілер ауруханаға жіберілді.
Мекемеде ТЖД авариялық-құтқару бригадасы, Полиция департаментінің, прокуратура қызметкерлері жұмыс істеуде, тағы 1 сотталғанды іздестіру жұмыстары жүргізілуде.
ҚАЖ комитетіне сотталғандардың туыстары үшін 8 (7172) 72-30-40 (Нұр-Сұлтан), 8-776-677-80-77 нөмірлері бойынша тәуліктік колл-орталық ұйымдастырылған.
Құрамында министр орынбасары Арыстанғани Заппаров, ҚАЖ комитетінің басшылығы, Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары бар. Комиссия мүшелері жағдайды анықтау үшін оқиға орнына жолға шықты.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қызметтік тергеу жүргізілуде.
Жағдай ІІМ-нің ерекше бақылауында.
ҚАЖ Комитеті қаза тапқан сотталғандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.