Сотталған қарағандылық 41 жасында өзінің алғашқы құжатын алды

Сотталған қарағандылық 41 жасында өзінің алғашқы құжатын алды

Қарағанды облысы бойынша ҚАЖД Абай ауданының №2 пробация қызметінің есебінде жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ сотталған адам тұрады. Ер адам құжаттарын қалпына келтірейін деп, бірақ туу туралы куәлігінің болмағаны себебінен оған куәлік беру бас тартылды. « Айлықтан-айлыққа жетіп, мен өзіме жұмысты құжаттарсызда табатынмын. Құжаттарсыз өмір сүре отырып, егер мен қандай да бір қылмыс жасасам, олар мені соттай алмайды деп ойладым, өйткені мен заңды еш жерде жоқпын»,-деді ол. Сот үкіміне сәйкес, құжаттары жоқ 1970 жылы туған сотталған адам есепке алынды. Бірден әлеуметтік-құқықтық жұмыс жоспары жасалды. Жеке басын растау туралы мұрағаттық анықтама алуға қажетті сұраныстар жолданды. Нәтижесінде ер адам өміріндегі алғашқы құжатты - туу туралы куәлігін алды. Бұл ретте құжаттарды қалпына келтіру жұмыстары аяқталған жоқ. Қазіргі уақытта жеке куәлікті алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Осыдан кейін сотталған адам ресми түрде жұмысқа орналаса алады, сондай-ақ қажетті әлеуметтік жәрдемақысын ала алады.