Орал мен Павлодар аллеяларын Сирень мен канадалық үйеңкінің жас көшеттері безендіреді

Орал мен Павлодар аллеяларын Сирень мен канадалық үйеңкінің жас көшеттері  безендіреді

Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары қалалық мәдениет және демалыс саябағында канадалық үйеңкінің оюланған жапырақтарына таңдана алады.
Мемлекет басшысының Қазақстан өңірлерін ауқымды көгалдандыру туралы тапсырмасын орындау мақсатында Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің пробация қызметкерлері Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша 40-тан астам жас бөртегүл және 14 канадалық үйеңкі көшеттерін отырғызды.
Ағаш отырғызуға пробация қызметінің инспекторлары, сондай-ақ қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес әртүрлі жаза түрлерін жасағаны үшін сотталып, есепке алынған 24 азамат қатысты.
«Бұл кең жапырақты ағаш, ол қоңыр жапырақтарымен ерекшеленеді, биіктігі 25 метрге жетеді, барлық қала тұрғындары сүйетін саябақ үшін керемет безендіру болады. Отырғызу материалын Ұланова ШҚ-дан сатып алып, бізге қала әкімдігі ұсынды. Біздің қызметкерлер мен есепте тұрған тұлғалар қалалық саябақты жаңа жас ағаштармен толықтыру бастамасын қуана қабылдады», - деп бөлісті Орал қаласы пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Талғат Құрманалиев.
Одан кейін эстафетаны Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің пробациялық бақылау қызметкерлері қабылдады. Пробация қызметінде есепте тұрған волонтер-сотталғандармен, «Павлодар технологиялық колледжі» басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және бірінші курс студенттерімен бірлесіп, олар колледж аумағында 40-тан астам сирень көшеттерін отырғызды.
Ағаштар алдын-ала белгіленген жерге отырғызылды, болашақта гүлдейтін аллеяны орналастыру жоспарлануда.
«Акцияның мақсаты - өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу, сотталған азаматтарды түзету, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ Отанға деген сүйіспеншілікке негізделген азаматтық сана-сезімді арттыру», - деп атап өтті Павлодар қаласы пробация қызметінің бастығы әділет майоры Әсет Мыңжасаров.
Қызмет бастықтарының айтуынша, қала аумағын көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары аяқталған жоқ.