Шымкентте 90 сотталған жұмысқа орналастырылды

Шымкентте 90 сотталған жұмысқа орналастырылды

Шымкентте жыл басынан бері 90 сотталған жұмысқа орналасты
Сотталғандарды жұмысқа орналастыру-пробация инспекторлары қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Есепте тұрған сотталғанның жағдайы ғана емес, оның қоғамда жаңа мәртебеге бейімделу мүмкіндігі де осыған байланысты.
Шымкент қаласы әкімдігінің 25 наурыздағы №193 қаулысына сәйкес пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленді. Қазіргі уақытта Еңбекші ауданының №1 бөлімінде есепте тұрған сотталған жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Оған пробация қызметкерлері қолдау көрсетіп, «Барыс 2007» ЖШС жұмысқа орналасу үшін барлық қажетті құжаттар жиналды .
– Жыл басынан бері 90-нан астам сотталған жұмысқа орналастырылды. Жергілікті атқарушы органдар сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмекті жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде. Пробация қызметі сотталғандарды жұмысқа орналастыру мәселесінде жұмыспен қамту орталығымен тығыз өзара іс – қимыл жасайды, - дейді Шымкент қаласының №1 ОСП аға инспекторы Е.Ережепов.