Рамазан қарсаңында ақмолалық сотталғандар дін өкілдерімен онлайн кездесті⠀

Рамазан қарсаңында ақмолалық сотталғандар дін өкілдерімен онлайн кездесті⠀

Көкшетау қаласының тергеу изоляторындағы сотталғандар ресми дін өкілдерімен онлайн кездесті.⠀
Барлық мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айының басталуы қарсаңында Көкшетау қаласының тергеу изоляторының әкімшілігі «Прометей» қоғамдық қорының жетекшісі Әлия Рахимовамен бірге оразаның жарқын рухани бастамаларына қолдау көрсету үшін ораза ұстаған қамаудағыларға су, құрма, шоколад кіретін азық-түлік жиынтығын табыс етті. А.Рахимова мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бірлік, сондай-ақ әрбір берекелі Рамазанға жол ашатын таза ниет пен шыдамдылықты сақтауға тілек білдірді.⠀
ЕЦ-166/23 мекемесінің теологиялық қызметі ресми дін басылардың өкілімен онлайн-кездесу ұйымдастырды, оның барысында мешіттің Наиб имамы Науан Хазрет Данияр Кенжалин қамаудағылардың тәубеге келу мен рухани дамуының маңыздылығына, сондай-ақ ҚАЖ мекемелерінің ішкі тәртіптеме қағидаларына сәйкес салттық практиканы сақтау қажеттігіне ерекше назар аударды.⠀
«Сенушілер объективтілікті, түсіністік пен төзімділікті сақтауы керек. Руханилық адамдарға, олардың конфессиялық және әлеуметтік қатыстылығына қарамастан, мейірімділік, өзара құрмет көрсетеді», - деп атап өтті ЕЦ - 166/23 мекемесі бастығының орынбасары Қазбек Байқадамов қамаудағыларға және тергеуге қамауға алынғандарға үндеуінде.