Елордалық мәслихат депутаттары колониядағы сотталғандар дайындаған өнімдермен танысты

Елордалық мәслихат депутаттары колониядағы сотталғандар дайындаған өнімдермен танысты

Нұр-сұлтан қаласының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің өндірістік кәсіпорындарының мүмкіндіктері мәслихат депутаттарына көрсетілді.
Ағымдағы жылғы 13 сәуірде Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ-166/10 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне жергілікті өкілетті органның депутаттары жұмыс сапарымен барды.
Іс-шара аясында «Еңбек-Аршалы» РМК филиалы өндіретін тауарлар мен қызметтердің көрмесі ұйымдастырылды. Мұнда жұмыс тәртібінде металл және ағаш өңдеу жүргізіледі, құрылыс, әрлеу материалдары, темірбетон бұйымдары өндірісі жолға қойылған, тігін өндірісі шыңдалып, жиһазды өңдеу жетілдірілуде.
«Еңбек» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының орынбасары келушілерге көрменің дайын өнімдерін ұсынды.
«Қылмыстық-атқару жүйесінің әрбір мекемесінде «Еңбек» РМК филиалдарының өндірістік цехтары жұмыс істейді. Сотталғандарды кәсіпорындардың өндірістерінде жұмысқа орналастыру оларға сот қойған талаптарды өтеуге, отбасыларды азық-түлікпен қамтамасыз етуге және мамандандырылған дүкендерде бірінші кезекте қажетті тауарларды сатып алуға кепілдік береді. Сондай - ақ, өндіріс алаңдарын барынша пайдалану және өндірілетін өнім түрлерін кеңейту мақсатында сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру үшін инвесторларды тарту бойынша жұмыс жүргізілуде», - деп атап өтті «Еңбек» РМК бас директорының орынбасары Құсайын Жомарт.
Сонымен қатар, ҚАЖД бастығы Ернат Ақылжанов келушілерге тергеу-қамауға алынған және сотталған адамдарды ұстау жағдайларын, режимдік корпустарды, мекеменің медициналық-санитарлық бөлігін, асхана мен монша-кір жуу кешенін көрсетті.
Мәслихат депутаттары мекеменің периметрін толық бақылауды қамтамасыз ететін толық жабдықталған бейнебақылау және сигнализация жүйесіне ерекше назар аударды.