ІІМ пенитенциарлық жүйені реформалау мәселелерін талқылайды

ІІМ пенитенциарлық жүйені реформалау мәселелерін талқылайды

Ішкі істер министрі Ерлан Тургумбаевтың бастамасымен Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасы (PRI) Өкілдігінің қолдауымен «Ашық диалог – пенитенциарлық жүйені реформалау құралы» форумы өтті. Форумға Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері, қоғамдық бақылау комиссияларының, ұлттық алдын алу тетігінің мүшелері қатысты. 

Бұндай форматтағы диалог алғаш рет өткізіліп отыр. Форумда адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуы, бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды ұстау шарттары, Ұлттық алдын ала барулардың қорытындысы бойынша жинақталған баяндаманың ұсыныстары, сондай-ақ пенитенциарлық жүйені халықаралық стандарттарға жақындатуға мүмкіндік беретін мәселелер талқыланды.

Соңғы сегіз жыл ішінде бас бостандығынан айыру орындарында ұсталған адамдардың саны шамамен жартысына азайған, ал дүниежүзілік түрмедегі халықтың рейтингісінде Қазақстан үшіншіден (2000 жылы) 95-ші орынға (2019 жылы) түсті.

Бұл материалдық-тұрмыстық жағдайы елеулі түрде нашар 8 мекемені таратуға мүмкіндік берді, ағымдағы жылы тағы төрт мекемені жабу жоспарланып отыр. Сотталғандарды камералық ұстау шараларына ауыстыру бойынша жұмыс жүргізілуде, бүгінгі таңда мұндай мекемелер саны 9, онда шамамен 4 мың адам ұсталуда.

Соңғы жылдары Қызылорда қаласында колония және Алматы қаласында тергеу изоляторы қайта құрылды, ал Орал және Алматы облыстарында екі колония реконструкцияланды. Бюджет қаражатын үнемдеу үшін бұл жұмыс тиісті инфрақұрылымы бар қолданыстағы мекемелердің тұрғын үй блоктарын реконструкциялау арқылы жалғасатын болады.

 

Ерлан Тургумбаев «пенитенциарлық жүйені жетілдіру Ішкі істер органдарын жаңғырту жөнінде жол картасының бағыттарының бірі болып табылатынын» атап өтті. Жасақ-барақта тұратын жүйедегі ескі колониялардың мұрасы, сотталғандарды ұстау жағдайлары, материалдық және тұрмыстық жағдайлары, босатылғаннан кейін қайта әлеуметтендіру, олардың құқықтарын қамтамасыз ету, азаптау фактілері, сыбайлас жемқорлық және тағы да басқа проблемалар бар екендігін біз білеміз.

Сондай-ақ, министрлік басшысы пенитенциарлық жүйені халықаралық стандарттарға жақындататын және азаматтардың сенімін арттыратын мәселелерді талқылауға дайын екендіктерін атап өтті.

Бүгінгі күні Ішкі істер министрлігі сотталғандар тауарларды сатып алу үшін электронды дүкендерді, сотталғандардың туыстарымен бейне сұхбаттасуды енгізу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Пилоттық жоба Ақмола облысында іске қосылды.

Сотталғандар өтініштерін электронды түрде жіберу үшін оларға жағдайлар жасалуда. Бұл үшін мекемеде тиісті терминалдар орнатылатын болады. Мекеме қызметкерлерін бейнетіркегіштермен жабдықтау жоспарлануда.

Сондай-ақ, министрліктің бастамасымен сотталғандарды медициналық көмекпен қамтамасыз етуді Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру мәселесі пысықталуда. Қазіргі кезде Алматы және Қарағанды облыстарында осы мәселе бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда,- деп мәлімдеді Е. Тұрғымбаев.

 

 

 

Ішкі істер министріне форум басталар алдында «Еңбек» және «Еңбек-Өскемен» РМК-ның сотталғандардың қолымен жасалған тауарлары мен бұйымдары көрмесі таныстырылды.

Түзету мекемесі базасында құрылған кәсіпорын соталғандарды жұмыспен қамтуды қамтамасыз етіп, металл бұйымдары, жиһаз, құрылыс материалдары, тігін бұйымдары шығарады, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейді және басқа да тауарлар өндіреді. 


Қазақстан Республикасы ІІМ баспасөз қызметі