Кәмелетке толмаған сотталғандарға және Балалар үйінің сәбилеріне керек-жарақтар, кілемдер мен теледидар сыйға тартылды

Кәмелетке толмаған сотталғандарға және Балалар үйінің сәбилеріне керек-жарақтар, кілемдер мен теледидар сыйға тартылды

Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының өкілі Жанна Назаровамен бірлесіп Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЛА-155/4 әйелдер колониясы жанындағы балалар үйінде тұратын жеткіншектерге гуманитарлық көмек көрсетті. Әр бүлдіршінге балалар рюкзагы берілді, оған бала өзінің сүйікті ойыншықтарын салып алады, ал үлкен балаларға – балалар әдебиетінің жинақтары сыйлыққа берілді. Бірақ нағыз «жылы» сыйлық қазіргі уақытта бүлдіршіндер тобының ойын бөлмесін безендірген еден кілемдері болды.
Аналарын да ұмытқан жоқ. Ұйымдастырушылар сотталған әйелдерге балаларды тәрбиелеу мен дамытудың қыр-сыры туралы танымдық әдебиеттерді сыйлады.
Сонымен қатар, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл және PRI өкілі Жанна Назарова Алматы қаласында орналасқан кәмелетке толмаған сотталғандарға арналған колонияда болды. Олар жасөспірімдерге жаңа плазмалық теледидар сыйлап қуантты.