Қарағанды облысының колониясында шанамен жарыс өтті

Қарағанды облысының колониясында шанамен жарыс өтті

Қысқы спорттық жарыстар Қарағанды облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің АК-159/11 мекемесінде өтті


АК-159/11 мекемесінде қысқы спорттық іс-шаралар дәстүрге айналды. Сотталғандар осы жарыстарға спорттық жабдықтар жасап, қуана қатысады. Спорттық жарысқа барлығы 20 сотталған қатысты. Олар бір бағытта 60 метр қашықтықты жүріп өтіп, ауысқаннан кейін және осы қашықтықты кері бағытта өтуі керек. Ең қысқа уақыт ішінде бірінші қашықтықты еңсерген команда жеңіске жетеді. «Шанамен сырғанаудың пайдасы сөзсіз, таза аязды ауа, физикалық белсенділік тек жағымды эмоциялар тудырады, рухты қатайтады. Қатысушылар мен жанкүйерлер физикалық күш-қуат алып қана қоймай, көптеген жағымды эмоцияларға ие болды», – деді АК-159/11 мекемесі бастығының орынбасары Ерлан Тоқанов.