2020 жылы қазақстандық колонияларда «азаптаулар» анықталған жоқ

2020 жылы қазақстандық колонияларда «азаптаулар» анықталған жоқ

Өткен жылы сотталғандар мен олардың туыстарының колониялар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері туралы шағымдарының 99% - ы расталған жоқ.
ҚАЖ комитеті бас бостандығынан айыру орындарында заңдылықты сақтаудың, оның ішінде сотталғандарды ұстау режимі мен жағдайларына қатысты қатаң қағидаттарды ұстанатынын хабарлайды. Азаматтар жазасын сот шешіміне және ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес өтеуі тиіс. Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандар тарапынан да, ҚАЖ қызметкерлері тарапынан да кез келген моральдық немесе физикалық қысым к-рсетуге жол берілмейді. Ағымдағы жылы ҚР ҚК «Азаптау» 146-бабы бойынша сотталған қызметкерлер жоқ.
Сотталғандардың құқықтарын сақтау біздің қызметіміздің басым бағыты болып табылады.
ҚАЖК өз қызметінде барынша ашықтықтық пен жариялылықты қолдайды. Ол үшін тәуелсіз институттармен - қоғамдық-бақылау комиссияларымен (ҚБК), ұлттық алдын алу тетігімен (ҰАТ) және түрлі ҮЕҰ-мен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылған. Сотталғанның немесе оның туыстарының кез келген өтініші немесе шағымы бойынша ҚБК және ҰАТ өкілдерін тарта отырып, тексерулер жүргізіледі.
«Қазақстандық колонияларның қызметі және оларға бару қазіргі жағдайдағыдай ешқашан қолжетімді және ашық болған емес. ҚБК және ҰАТ өкілдері ҚАЖ-дың кез келген мекемесіне кедергісіз кіруге құқығы бар. Жыл басынан бері олар ҚАЖ мекемелеріне 400-ге жуық рет барып қоғамдық бақылау жүргізді», - деп атап өтті ҚАЖК төрағасы Жанат Ешмағамбетов.
ҚАЖК өз қызметкерлерінің атына келген әрбір хабарламаға уақтылы әрекет етеді және тиісті шаралар қабылдайды.
«Біздің мақсатымыз-шындықты анықтау. Ағымдағы жылғы 11 айда өзіндік қауіпсздік қызметінің бөліністері және басқа да құқық қорғау органдары ҚАЖ қызметкерлерінің заңсыз іс-әрекеттеріне қатысты 1100-ден астам шағым қарап, оның тек 9 фактісі расталды. Олар бойынша 13 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, қылмыстық құқық бұзушылық белгілері анықталған жоқ», - деп толықтырды ҚАЖК төрағасы.
Сонымен қатар, қызметкерлер мен сотталғандар тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттер жасау фактілерін болдырмауда жұмыс белсенді түрде жалғасуда. ҚАЖ жеке құрамы тарапынан құқыққа қарсы іс-әрекеттер анықталған жағдайда, осы қызметкерлерге қатысты жұмыстан босатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады.
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында алдағы жылы барлық мекемелерді (80) жаппай бейнебақылаумен қамтамасыз ету мәселесі пысықталуда. «Бұл нақты уақыт режимінде ҚАЖ мекемелеріндегі 30 000-нан астам адамды жаппай бақылауды қамтамасыз етеді. Осы шара біздің жүйемізге аса қажет, бұл персонал тарапынан да, ұсталатын адамдар тарапынан да құқық бұзушылықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді. Қазақстандық колонияларда сотталғандардың 93% - ы ауыр және аса ауыр қылмыстары үшін өз жазасын өтейтінін ескеру қажет, оның ішінде 43% - ы бірнеше рет сотталған адамдар», - деп түсіндірді Жанат Ешмағамбетов.
ҚАЖ комитеті пенитенциарлық жүйені одан әрі жаңғырту бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда. Алдағы жылдары әрбір мекемеде шағымдар мен өтініштерді тікелей прокуратураға, соттарға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерге жіберу үшін электрондық терминалдар орнатылады.