
2026 жылғы 31 мамыр мен 4 маусым аралығында Вена қаласында (Австрия Республикасы) әлемнің 100-ден астам мемлекетінің өкілдерін біріктірген Біріккен Ұлттар Ұйымының Қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі жөніндегі комиссиясының 35-сессиясы өтті.
Қазақстан Республикасы делегациясының құрамына Бас прокуратураның, Сыртқы істер министрлігінің және Ішкі істер министрлігінің өкілдері кірді. Қазақстан Республикасы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің атынан халықаралық форумға ҚАЖК төрағасының бірінші орынбасары, әділет полковнигі Н.К. Рыспаев қатысты.
Пленарлық отырыс барысында Н.К. Рыспаев «Жазалау жүйесінен оңалтуға қарай: жазаларды орындауды ұйымдастыру мен сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің заманауи тәсілдері, Орталық Азия тәжірибесі және халықаралық стандарттар» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстанда бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстарды, сондай-ақ «Заң және Тәртіп» қағидатын нығайту бойынша іске асырылып жатқан шараларды атап өтті.
Сессияға қатысушылар қылмыстың алдын алу, қылмыстық сот төрелігін жетілдіру және пенитенциарлық жүйелерді дамыту мәселелерін талқылады. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі құқық бұзушылықтардың профилактикасына, цифрлық технологияларды енгізуге және пенитенциарлық қызметтердің жұмысында жасанды интеллектті пайдалануға ерекше назар аударылды.
Форум аясында халықаралық тәжірибе алмасу, жұмыс кездесулері мен келіссөздер өтті. Олардың барысында мемлекеттердің өкілдері қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, адам құқықтарын сақтаудың және мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін арттырудың заманауи тәсілдерін талқылады.