ҚАЖ комитетінің бокс бойынша құрама командасы КарЛАГ музей-мемориалдық кешеніне барды.

ҚАЖ комитетінің бокс бойынша құрама командасы КарЛАГ музей-мемориалдық кешеніне барды.

🥊 Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бокс бойынша құрама командасы КарЛАГ музей-мемориалдық кешеніне барды.

Сапар барысында спортшылар өткен ғасырдағы ең ірі еңбекпен түзеу лагерлерінің бірінің тарихымен танысып, мыңдаған адамның тағдырын бейнелейтін архивтік материалдар, фотосуреттер мен жәдігерлерді тамашалады.

Экскурсия ҚАЖ өкілінің қатысуымен өтті. Ол тарихи жадыны сақтау, ұрпақтар сабақтастығы және ел тарихына құрметпен қараудың маңыздылығы туралы айтып өтті.

Мұндай іс-шаралар қызметкерлер мен жүйе спортшылары арасында патриоттық тәрбиені нығайтуға, дүниетанымды кеңейтуге және рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға ықпал етеді.