
№28 мекемесінде сотталғандар арасында дойбыдан турнир өтті
Батыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №28 мекемеде тәрбие бөлімі Батыс Қазақстан облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасымен және «Жайық Арена» спорт клубымен бірлесіп сотталғандар арасында дойбыдан турнир ұйымдастырып, өткізді.
Турнирге «Жайық Арена» спорт клубының жаттықтырушысы Данияр Жұмағалдиев төрешілік жасап, қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсетті.
Жарыс тартысты әрі жоғары деңгейде өтті. Қорытындысында I, II, III орын иегерлеріне дипломдар мен медальдар табысталды, сондай-ақ арнайы номинациялар бойынша марапаттар берілді.
Тәрбие бөлімінің бастығы, әділет майоры Миржан Мендиғалиевтің айтуынша, мұндай іс-шаралар сотталғандардың логикалық ойлау қабілетін дамытып, тәртіпті нығайтуға және оң мотивация қалыптастыруға ықпал етеді.