
Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД № 57 мекемесіне тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды
Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің № 57 мекемесінің қызметкерлері режимдік аумаққа тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетін уақытылы тоқтатты.
Оперативтік іздестіру шаралары тыйым салынған заттардың кіру мүмкін болатын арналары туралы алынған ақпарат негізінде жүргізілді. Шаралар барысында негізгі қоршаудан заттарды лақтыру әрекеті анықталып, 2006 жылы туған азамат ұсталды. Оның құқыққа қарсы әрекеттері мекеме қызметкерлері тарапынан уақытылы тоқтатылды.
Тексеру кезінде желім таспамен оралған орамнан келесі заттар табылды: Redmi мобильді телефоны, зарядтау құрылғысы, 9 қорап насвай.
Табылған заттар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сотталғандарға сақтау және қолдануға тыйым салынған заттарға жатады.
Аталған дерек бойынша материалдар уәкілетті органдарға процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды. Оқиғаның барлық жағдайларын анықтау мақсатында қызметтік тексеру жүргізілуде.