Конституцияның мерейтойын Қарағанды облысы колониясының қызметкерлері велошерумен атап өтті
Қарағанды облысы бойынша және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №36 мекемесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын ерекше түрде-велошерумен атап өтті.
Ұзындығы 30 шақырымдық маршрут символдық түрде таңдалды — елдің Негізгі Заңы қабылданған күннен бастап өткен жылдар санына орай.
Қатысушылар Конституция мемлекеттіліктің берік іргетасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі екенін атап өтті. Велошеру қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің патриотизмді нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлесін қосуға деген ұмтылысының көрінісі болды.
"Велошеру тек спорттық іс-шара ғана емес, сонымен қатар ұжымды біріктіруге, командалық рухты арттыруға және қылмыстық — атқару жүйесі қызметкерлері арасында белсенді бос уақытын танымал етуге арналған алаң болды", - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары әділет подполковнигі Арман Ермекбайұлы Кошкинов.
Мұндай іс-шаралар корпоративтік құндылықтарды нығайтуға, дене белсенділігін қолдауға және қоғамдағы ҚАЖ органдарының оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.