Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын сотталғандарды табысты әлеуметтендіруге бағытталған «Қақпада кездесу» ауқымды акциясы өткізілуде.
Босатылған күні мекемелерге жергілікті атқарушы органдардың, пробация қызметінің, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ сотталғандардың туыстары келеді. Мекеме әкімшілігімен бірлесіп, олар босатылғандарға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Қолдауға және қылмыстың қайталануын болдырмауға бағытталған әңгімелер жүргізіледі.
Акцияның негізгі мақсаты - қайталанған қылмыстардың алдын алу және бұрынғы сотталғандарды азаматтық қоғамға табысты қайтаруға жәрдемдесу
Осындай қолдаудың арқасында Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 47 мекемесінде сотталғандардың біреуінің отбасы өз туысын колония қақпасында қарсы алды. Екібастұз қаласының ЖАО және ҮЕҰ өкілдерінен құқықтық көмек алғаннан кейін босатылған адамды туыстары жылы қарсы алды.
Бақытты жүздер, жақындарының шынайы құшағы және жаңа өмір қарсаңында қолдау көрсету қайта әлеуметтендіру жолындағы маңызды қадам болып табылады. «Қақпада кездесу» акциясы босаған азаматтарға бостандықтағы өмірге бейімделуге және бірінші күннен бастап қоғамның қолдауын сезінуге көмектеседі.