Кәдесыйлық "долларды" Алматы облысының мекемесіне өткізбек болған

Кәдесыйлық "долларды" Алматы облысының мекемесіне өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №57 мекемесінің қызметкерлері орналасқан колония аумағына тыйым салынған заттарды алып өту әрекетінің жолын кесті. Оқиға 2025 жылғы 14 мамырда мекеменің бақылау-өткізу бекетінде орын алды.

Колония аумағына кірген жүк көлігін тексеру барысында қызметкерлер күдікті қара пакетті анықтады. Тексеру кезінде оның ішінен 16 дана ойын картасы, «сувенирлік өнім» деген жазуы бар 200 дана долларлық купюра, иісі жоқ ақ ұнтақ бар 25 мл көлеміндегі құты, сондай-ақ беруге тыйым салынған басқа да заттар табылды. Аталған ұнтаққа сот-химиялық сараптама тағайындалды.

Белгілі болғандай, көлік жүргізушісі бұл пакетті Алматы облысының тұрғынынан алған. Аталған дерек бойынша оқиға орнына жедел-тергеу тобы шақырылды.

№57 мекеме бастығы әділет майоры Ұлан Арғынбаевтың айтуынша, мекеме қызметкерлері әрекет етуші нұсқаулықтарға сәйкес жедел және қатаң түрде әрекет еткен.