Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің көшпелі отырысы аясында депутаттар Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесіне барды.
Сапар мақсаты — сотталғандардың жаза өтеу жағдайымен танысу.
Сапар барысында мәжілісмендерге жаңа тұрмыстық блок, сондай-ақ сотталғандар дайындайтын өнімдер көрсетілді: ағаш бұйымдары, аяқ киім, металл конструкциялар, жиһаз және азық-түлік.
Депутаттар тігін және аяқ киім цехтарын, наубайхананы, сотталғандардың жұмыс орындарын аралап, жеке қабылдау өткізді.
Мәжілісмендерге бейнебақылау жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары көрсетілген ситуациялық орталықтың қызметі таныстырылды.
Іс-шара Аршалы кенті әкімдігінде өткен Комитет отырысымен аяқталды. Онда ІІшкі істер министрінің орынбасары Абай Қайырбеков сөз сөйледі.