Бүгін бас қадағалау органының ғимаратында Бас Прокурор Берік Асыловтың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Экономикалық-экологиялық өлшем жөніндегі үйлестірушісі, Елші Бақыт Жүсіповпен екіжақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында терроризм мен адам саудасына, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ активтерді қайтару салаларында ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды.
Бас Прокурор Б.Асылов қазіргі заманғы сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы күресте Қазақстанның прокуратура органдары бастамаларын іске асыруға қосқан Ұйымның елеулі үлесін атап өтті.
Тараптар адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында тиімді өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдірді.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі