Жеңістің 80 жылдығына орай Бас прокуратура қызметкерлері қаһармандарды еске алды

Жеңістің 80 жылдығына орай Бас прокуратура қызметкерлері  қаһармандарды еске алды

Бүгін Бас Прокурор Берік Асылов, ардагерлер мен прокуратура қызметкерлері Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Іс-шара «Отан қорғаушылар» монументі жанында өтті.

Майдангерлердің ерлігіне терең тағзым белгісі және олардың рухына құрмет ретінде, қатысушылар жеңіс үшін алғыс сезімімен үнсіздік минутын жариялады.

Бас Прокурор сондай-ақ мемориалға тәрбиешімен бірге келген балалар тобына ашық аспан мен жарқын болашақ тіледі.

Ұлы Отан соғысы жылдарында прокурорлар да фашизмді жеңуге үлес қосты. Соғыстың алғашқы жылдарында ғана прокуратура органдарының 400-ден астам қызметкері өз еркімен майданға аттанған.

Қанды соғыста ерлікпен шайқасқан прокуратура қызметкерлері — Бауыржан Момышұлы, Нүркен Әбдіров, Мұса Баймұханов, Садық Әбдіжаппаров Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды, ал ардагер Иван Гапичке «Халық Қаһарманы» атағы берілді.

Прокуратура ұжымы қаһармандарға құрмет көрсетіп, соғысқа қатысқан ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне ризашылығын білдірді.

Осындай іс-шаралар еліміздің барлық өңірлерінде прокурорлар тарапынан жалғасын табатын болады.


Бас прокуратураның баспасөз қызметі