Пресс-релиз

Пресс-релиз

Бас прокуратураның арнайы прокурорлары бюджеттің атқарылуын тексеру барысында прокурорлар анықтаған «Астрахан-Маңғышлақ» су құбырын қайта құру кезінде                         6,4 млрд.теңге сомасына мемлекет қаражатын жымқыру фактісі жөнінде қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

«КазТрансОйл» АҚ-ның еншілес компаниясы - «Магистральдық Суағызғысы» квазимемлекеттік кәсіпорнының бұрынғы бас директоры, оның орынбасары, мердігер компанияның өкілдері және жобалау ұйымының құрылтайшысы жымқыру жасаған деп күдіктелуде.   

Қылмыстық істі тергеп-тексеру шеңберінде күдіктілердің 1,1 млрд.теңге мөлшеріндегі мүлкі анықталып, үкімнің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында соттың санкциясымен тыйым салынған.

Қылмыстық іс сотқа жіберіледі.    

 

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі