Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Мәлік Ғабдуллиннің мұрасы және жас заңгерлер миссиясы - құқықтық тәртіп және ұрпақтар сабақтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара «Болашақ прокурор кеңістігі» жобасы шеңберінде Бас прокуратураның және Алматы қаласы прокуратурасының қолдауымен өткізілді.
Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің Басқарма бастығы Ернұр Уәли, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары Нұрсұлтан Рақышев және Абай атындағы ҚазҰПУ-дың факультет деканы Ғабит Кенжебаев сөз сөйледі.
Сондай-ақ дөңгелек үстел жұмысына прокуратура, профессорлық-оқытушылық құрам және университеттің студенттік қоғамдастығының өкілдері қатысты.
Қатысушылар Мәлік Ғабдуллин тұлғасының тарихи-құқықтық мəнiн, оның мемлекеттік және ғылыми көзқарасты дамытуға қосқан үлесін, сондай-ақ жастардың қазiргi қоғамдағы құқықтық тәртіп пен құқықтық сананы нығайтудағы рөлін талқылады.
Құқықтық мәдениетті дамыту, азаматтық жауаптылықты және заң мамандығындағы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Соңында қатысушылар осындай іс-шаралардың жастар арасында құқықтық диалогты дамыту, патриотизмді тәрбиелеу және заңгер мамандығының беделін арттыру үшін маңыздылығын атап өтті.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі