Мемлекеттік айыптау прокуратураның негізгі функцияларының бірі және құқық қорғау, заңдылықты қалыптастыру элементтерінің ажырамас тетігі болып табылады.
Бұл бағытта прокуратура сот актілерінің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Оның қызметі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауға, сондай-ақ сот жүйесінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға бағытталған.
Мемлекеттік айыптау сот талқылауының бастамашысы болып табылады және жазаның бұлтартпастығына, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, қылмыстың алдын алуға және сот қателігінің алдын алуға бағытталған.
Сот талқылауы барысында прокурор заң мен ар-ожданды басшылыққа ала отырып, мемлекеттік айыптауды жоғары деңгейде ұстау үшін процессуалдық өкілеттіктерін пайдалана отырып, дәлелдемелерді ішкі сенімімен бағалайды.
Сот актілерімен келіспегенде және заңды бұзушылықтар анықталған жағдайларда, прокурорлар жоғары тұрған сот сатысына апелляциялық өтінішхаттармен жүгінеді.
2024 жылы прокурорлар 30 мың қылмыстық ісі бойынша соттарда айыптауды қолдауға қатысты. Сонымен бірге олар әділ сот талқылауын қамтамасыз етіп қана қоймай, үкімдердің заңдылығын бірбеткейлік түрде қорғады.
Атап айтқанда, прокурорлардың өтініштері бойынша апелляциялық сатыларда 900-ден астам үкім заңға сәйкестендірілді. Прокурорлар қылмыстық заңды қолдану, әділ жаза тағайындау немесе түзеу мекемесінің түрін таңдау кезінде соттардың қателіктерін анықтады.
Мысалы, бір жағдай, прокурор үкімімен келіспеді, онда сот кінәлі «A» әрекетін қасақана кісі өлтіруден абайсызда өлімге ұшыратуға саралаған, яғни онша ауыр емес қылмыс үшін 3 жылға бас бостандығынан айырған.
Прокурордың апелляциялық өтініші бойынша жоғары тұрған сот бастапқы саралауды қалпына келтіріп, «A»-ны 8 жарым жылға бас бостандығынан айырды.
Алайда сотты сотталушының кінәлілігіне сендіру, прокурордың қатып қалған мақсаты емес. Егер сот талқылауы барысында кінәнің дәлелі жеткіліксіз екені белгілі болса, онда ол айыптаудан бас тартуға міндетті.
Атап айтқанда істердің бірінде прокурор сотталушы «Ж»-ны алаяқтық жасады деп айыптаудан бас тартты, өйткені сот талқылауы барысында азаматтық заңнама шеңберінде шешілетін азаматтық-құқықтық қатынастардың бар екені анықталды.
Мемлекеттік айыптаушының жұмысының жариялылығына ерекше назар аудару қажет. Оның соттағы мінез-құлқы, оның ішінде сыртқы келбеті мен қарым-қатынас мәдениеті, қоғамның прокуратураны қабылдауына әсер етеді. Прокуратураның мемлекеттің маңызды құқықтық институты ретіндегі имиджі көп жағдайда прокурордың кәсібилігіне байланысты.
Алқабилердің қатысуымен қаралатын істер санаттарының кеңеюімен мемлекеттік айыптаушының рөлі айтарлықтай артады. Бұл одан жоғары біліктілікті, белсенді позицияны және дәлелдемелерді тиімді ұсыну және өз ұстанымының дұрыстығына сендіру қабілетін талап етеді.
Прокурордың кәсібилігі қылмыс үшін жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз етудің және сот талқылауының әділдігін сақтаудың шешуші факторына айналуда.
Жалпы, соңғы 3 жылда прокурорлардың бастамасымен 3500-ден астам үкім заңға сәйкестендірілді. Бұл ретте 800-ге жуық азаматтың жағдайы жақсарды. Оның ішінде 40 адам ақталды.
Осылайша, мемлекеттік айыптауды қолдау «Заң мен Тәртіп» атты базалық бағдардың маңызды құралдарының бірі болып табылады, бұл мыңдаған қылмыстық істер бойынша прокурорлардың соттардағы жұмысының нәтижелерімен расталады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі