Бас прокуратурада салтанатты іс-шара өтті

Бас прокуратурада салтанатты іс-шара өтті

Бас прокуратурада 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Бас Прокурор Б. Асылов елдегі «Заң және Тәртіп» қағидасын қамтамасыз етудегі әйелдердің үлкен үлесін атап өтіп, өткен жылы қадағалау саласының ең күрделі бағыттарында жоғары нәтижелерге қол жеткізгені үшін 42 қызметкер басшылық лауазымдарға тағайындалғанын, оның ішінде 7-еуі орталық аппаратқа кіретінін айтты.

«Сіздердің күнделікті қажырлы еңбектеріңіз үшін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттің және қоғамның мүдделерін қорғау бойынша жауапты міндеттерді сәтті орындағандарыңыз үшін алғысымды білдіремін», – деп атап өтті Бас Прокурор.

Мерекеге орай прокуратура органдарының 3 қызметкері мемлекеттік наградалармен, шамамен 200 қызметкер мен әйел қызметші сыныптық шендермен, ведомстволық марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Сонымен қатар, прокуратура органдарының 43 ардагері марапатқа ие болды.

Іс-шараның соңында қадағалау органының басшысы әріптестерінің ата-аналарына алғыс айтып, елінің нағыз патриоттарын тәрбиелегені үшін ризашылығын білдірді. Сондай-ақ, олардың отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.

Ресми бөлімнен кейін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі