Босату туралы

Босату туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі негізінде Бас  Прокурордың   2024  жылғы 18 қарашадағы  бұйрығымен  3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Халидолла Зиноллаұлы Дәуешов Ақтөбе облысының прокуроры лауазымынан қызметті өткерудің шекті жасына жетуіне байланысты босатылды.

Х.З. Дәуешов заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін І және ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен   наградталған. Прокуратураның құрметті қызметкері.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі