Бас прокуратурада шахмат жарысы болып өтті

Бас прокуратурада шахмат жарысы болып өтті

Бүгін Бас прокуратурада мемлекет қайраткері, 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі, 1984-1990 жылдары Республика прокуроры болған Ғалым Бәжімұлы Елемесовтің 95 жылдығына орай прокуратура органдары қызметкерлерінің арасында шахмат жарысы болып өтті.

Спорттық іс-шара «Қазақстан прокурорлар қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Турнирге еліміздің өңірлерінен келген прокуратура органдарының 21 қызметкері жарысқа белсенді қатысып, атсалысты және тартысты ойын көрсетті.

Ойындардың қорытындысы бойынша Астана қаласы прокуратурасының Басқарма аға прокуроры Аслан Мәди жеңіске жетіп, бірінші орынды иеленді.

Екінші орынды Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының бөлім аға прокуроры Қазбек Айымбетов иеленді.

Үшінші орынды Бас Прокурор Аппаратындағы Бас Прокурордың аға көмекшісі Әнуар Құлышов алды.

Жарыстың жабылу салтанатында Бас Прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев қатысты.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар және дипломдар табыс етілді.

Ұжымда салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған осындай жарыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі