Бас прокуратурада алаяқтық және қаржылық пирамидалармен күресу мәселелері талқыланды

Бас прокуратурада алаяқтық және қаржылық пирамидалармен күресу мәселелері талқыланды

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаевтың төрағалығымен алаяқтық және қаржылық пирамидалармен күрес мәселелері бойынша ведомствоаралық кеңес өтті.

Т. Тәшімбаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын тиісінше орындау және осы құқық бұзушылықтардың алдын алу үшін, түбегейлі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Жиын барысында орталық құқық қорғау органдары мен уәкілетті ведомстволардың басшылары атқарылған жұмыстар, сондай-ақ жүргізіліп жатқан ауқымды профилактикалық іс-шаралар туралы баяндады.

Ішкі істер министрінің орынбасары А. Рысбаев осындай қылмыстық істерді ашуға заманауи құрал-жабдықтардың қолданылуы туралы айтып, қатысушыларды 45 миллионнан астам ауыстырылатын нөмірлерден жасалған алаяқтық қоңыраулардың бұғатталғаны туралы хабардар етті.

Отырыс соңында төрағалық етуші барлығына осы бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырып, сонымен бірге аталған қылмыстарға қарсы күресте мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту қажеттігін атап айтты.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі