Бас прокуратура алқасының отырысы туралы

Бас прокуратура алқасының отырысы туралы

Ағымдағы жылдың 2 ақпанында Берік Асыловтың төрағалығымен өткен Бас прокуратура алқасының отырысында нотариустар мен жеке сот орындаушылары атқарушылық жазбаларды жазып беру және орындау кезінде заңдылықты сақтау мәселелері талқыланды.

Іс-шараға Әділет министрі, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы, Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы, Сот әкімшілігінің басшысы, Республикалық нотариаттық палатаның және Республикалық жеке сот орындаушылары палатасының төрағалары қатысты.

Атқару жазбалар институты қарқынды дамып келе жатқаны атап өтілді. Бүгінгі күні қарыздардың 90% нотариустар өндіріп алады.

Бұл соттардан жүктемені ішінара алып тастауға, шығындарды азайтуға және уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, прокурорлық тексерулер азаматтардан тұтынушылық несиелер мен қарыздарды өндіріп алу кезінде теріс пайдалану үшін жағдай жасайтын осы саланы реттеудегі проблемаларды айқындады.

Қазіргі уақытта Бас прокуратураның ұсынысы негізінде Әділет министрлігі анықталған бұзушылықтарды жою және кінәлі адамдарды жауапқа тарту бойынша жұмыс жүргізуде.

Министрлік қабылдаған шаралармен бірқатар адамдар нотариаттық және жеке сот-атқару қызметімен айналысуға лицензияларынан айырылды.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокуратура аталған саланы жетілдіру бойынша ұйымдастырушылық, практикалық және заңнамалық сипаттағы бірқатар шараларды қамтитын Жол картасын ұсынды.

Азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында уәкілетті органдарға заңсыз іс-әрекеттер тәуекелдерін барынша азайтуға, нотариустар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуге, процестерді автоматтандыруға мүмкіндік беретін IT-технологияларды кеңінен қолдану ұсынылды.

Сондай-ақ, қылмыстық жазаны қоса алғанда, нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, коллекторлардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық өзгерістер енгізу туралы мәселені қарау ұсынылды.

Сонымен қатар, Бас Прокурор ҚНРДА басшылығымен бірлесіп Мемлекет басшысының халықты несиелендіруді төмендету бойынша алға қойған міндеттерін іске асыруды талқылады.

Осы тапсырма шеңберінде Бас прокуратура ҚНРДА және басқа да мүдделі органдармен бірлесіп заңнамалық түзетулер мен басқа да жүйелік шараларды әзірледі.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі