«Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтірген күдікті ұсталды

«Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтірген күдікті ұсталды

Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27.01.2024ж. сағат 00.20 шамасында орын алған «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды.

Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын.

Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.

Бас прокуратураның баспасөз қызметі