Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің қаржылық барлау бөлімшелерінің, құқық қорғау және сот органдарының басшыларымен Венада кездесу өтті

Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің қаржылық барлау бөлімшелерінің, құқық қорғау және сот органдарының басшыларымен Венада кездесу өтті

Вена қаласында (Аустрия) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков бастаған БП делегациясы "Қылмыстық активтерді заңдастыруға (жылыстатуға) байланысты істерді тергеу және қарастыру кезіндегі стратегиялық және практикалық аспектілер" тақырыбы бойынша семинарға қатысты.

Семинар "Бірлескен Вена институты" ("Joint Vienna Institute") мен БҰҰ ЕҚБ қолдауымен Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің қаржылық барлау бөлімшелерінің, құқық қорғау және сот органдарының басшыларына арнайы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында шақырылған сарапшылар мен шетелдік әріптестерге Қазақстанда активтерді қайтару саласында жүргізілген заңнамалық реформалар туралы ақпарат ұсынылды.

Аталған кезеңде бірқатар лауазымды тұлғалармен екіжақты кездесулер өтті.

Сондай-ақ, Аустрияның қаржылық барлау бөлімшесінің басшысы Л. Вердермен кездесу өткізілді.

Тараптар активтерді қайтару жөніндегі жұмыс шеңберінде қолда бар ақпаратпен жедел алмасуға уағдаласты.

Тараптар активтерді қалпына келтіру жұмыстары аясында қолда бар ақпаратты жедел алмасуға келісті.

Аустрияның активтерді қайтару кеңсесімен қауіпсіз байланыс арнасын құру ниеті талқыланды.

Сонымен қатар, БҰҰ ЕҚБ ("General program on Money Laundering")" Ақшаны жылыстатуға қарсы жаһандық бағдарлама" жобасының басшысы Т.Мурсудлумен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында келесі бағыттар бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді:

1) "параллельді қаржылық тергеу ("follow the money" қағидатына сәйкес)" тақырыбы бойынша арнайы курсты ұйымдастыру;

2) виртуалды активтерді, бағалы қағаздарды іздеу, қадағалау, мұздату, тыйым салу/тәркілеу, траст бөлігінде активтерді қайтару тақырыптары бойынша семинарлар өткізу (оның ішінде крипто-қылмыстарды тергеу, "соқыр трасттардың" бенефициарларын анықтау және т.б.);

3) резонанстық қылмыстық істерді тергеп-тексеретін арнайы прокурорларды тұрақты оқыту жүйесін енгізу;

4) активтерді қайтару бойынша нақты сәтті жағдайларды егжей-тегжейлі қарау үшін сарапшылар/халықаралық мамандарды шақыру.

Сонымен қатар, әлемдегі барлық елдерінің активтер қайтару бойынша бөлімшелерді біріктіру механизмін құру мәселесі қозғалды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша GPML тарабы осы бағытта қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі