Финляндия әділет Канцлері Туомас Поюстимен және Финляндия елшілігінің өкілдерімен кездесу туралы

Финляндия әділет Канцлері Туомас Поюстимен және Финляндия елшілігінің өкілдерімен кездесу туралы

Бүгін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Финляндияның әділет Канцлері Туомас Поюстимен кездесті.

Кездесу барысында фин тарапына қазақстандық қадағалау органы қызметінің негізгі бағыттары туралы хабарлар болды.

Бас прокурордың орынбасары қылмыстық-құқықтық саладағы, оның ішінде қылмысқа қарсы іс-қимыл бөлігінде халықаралық ынтымақтастықтың барлық бағыттары бойынша сындарлы диалог үшін қазақстандық прокуратураның ашықтығын атап өтті.

Сондай-ақ, екі ел арасында іздеуде жүргендерді экстрадициялау, қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және сотталған адамдарды беру туралы келісімдер жасау мүмкіндігі туралы мәселе талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша сұхбаттасушылар ынтымақтастықты нығайтуға келісті, сонымен қатар бірлескен өзара іс-қимылдың келесі қадамдарын белгіледі.

  

Бас прокуратураның баспасөз қызметі