Грузия аумағында күдікті адамның ұсталғаны туралы

Грузия аумағында күдікті адамның ұсталғаны туралы

Бас прокуратураның үйлестіруімен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен Грузия аумағында 2020 жылдың наурыз айынан іздеуде жүрген күдікті Қазақстан азаматы  ұсталды.

Ол қаржы пирамидасын құрған және оған басшылық жасады деп айыпталуда, келтірілген шығын 3,6 млрд теңгеден астам құрады.

Қылмыстық іс бойынша 600-ден астам жәбірленуші өтуде.

Қазіргі уақытта оны экстрадициялау мәселесі шешілуде.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі