«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

«Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасына баспасөз хабарламасы

2023 жылғы 31 қазанда НҚА ашық деректерінің интернет-порталында (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14770623) «Тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы» № 1-М есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығының жобасы орналастырылды.

Осы жоба:

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағын орындау үшін «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын (жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады);

«Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заңын (№ 1-М есеп нысанының 1, 1-1-бөлімдері, 5-11-қосымшылары тиісті көрсеткіштермен толықтырылады) іске асыру шеңберінде әзірленді.

Бұйрық жобаның жария талқылауы 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі