Тағайындау туралы

Тағайындау туралы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұйрығымен Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы лауазымына Әйбек Асқарұлы Нұрахметов тағайындалды.

Әйбек Нұрахметов еңбек жолын 2002 жылы Астана қаласының прокуратурасында бастаған. Аудан прокуратурасының стажеры, бөлім прокуроры, прокурордың көмекшісі, аға көмекшісі лауазымдарында жұмыс істеді.

2004 жылы Қазақстан Республикасының Парламентінде қызмет атқарды.

2005 жылдан 2022 жылға дейін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында басқарма прокуроры, аға прокуроры, бөлім және басқарма бастығы, Халықаралық ынтымақтастық департаменті бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.

2022 жылдың қараша айынан бастап Бас Прокурордың арнайы тапсырмалар бойынша аға көмекшісі болды.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі