Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі-ІІМ) басшылары, облыстардың прокурорлары және Полиция департаменттері бастықтарының қатысуымен адам өлтіруді тергеу және ашу сұрақтары бойынша ведомствоаралық жедел кеңесі өткізілді.
Тимур Тәшімбаев қасақана адам өлтіру қылмысы төмендеуінің оң үрдісі байқалғанын атап өтті.
А.ж. 9 айында адам өлтіру фактілері 27,3% төмендеген (578-ден 420-ға дейін), ал осындай қылмыстардың ашылуы 94%-ға жоғарлаған.
Десе де, қасақана адам өлтірудің себептері бірқатар мәселелерге, оның ішінде профилактиканың әлсіздігіне тікелей байланысты. Адам өлтіруді тергеп-тексерудің сапасы және қылмыскерлер үшін сөзсіз жазаның болуы да маңызды мәселелер болып табылады.
Жедел кеңестің шешімімен полиция органдарының басшылары мен облыс прокурорларына аталған бағытта, оның ішінде «өткен жылдары» адам өлтіру қылмыстарын ашу, жасырынған қылмыскерлерді, жоғалған азаматтар мен басқаларды іздестіру жөніндегі жұмысты жандандыру тапсырылды.
ІІМ өкілдерімен іс-шарада полиция органдарының жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің қылмыстарды ашудың жаңа мүмкіндіктері, оның ішінде заттай дәлелдемелерді зерттеу бойынша инновациялық әдістер мен жабдықтары туралы айтылды.
Сонымен қатар, ішкі істер органдарының ДНҚ деректер базасы бар молекулалық-генетикалық зертхана Орталық Азияда алғашқылардың бірі болып табылатынын атап өткен жөн.
Ведомствоаралық жедел кеңестің нәтижелері бойынша бірқатар ұсыныстар әзірленді.
ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі