Бас Прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Польша Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Селим Хазбиевич мырзамен кездесті.
Кездесуге қатысушылар шарттық-құқықтық базаны кеңейту, халықаралық-тергеу тапсырмаларын орындау және қылмыстық процесте екі мемлекет азаматтарының құқықтарын сақтау мәселелерін қозғай отырып, екіжақты ынтымақтастық тақырыбын талқылады.
Әсет Шындалиев өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуға баса назар аударды.
Польша Елшісі қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар берілген бағытта белсенді байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін растады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі