2023 жылғы 21 қыркүйекте Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының алаңында кезекші прокурор институтының тиімділігін арттыру, практикалық мәселелерді шешу және тәжірибе алмасу мақсатында "Кезекші прокурор институты - қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімді құралы" тақырыбында семинар – тренинг басталды.
Іс-шараға Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен Құқық қорғау органдары академиясының ректоры Марат Сексембаев, еліміздің барлық өңірлерінен келген прокурорлар, Академияның профессор-оқытушылар құрамы, криминалистер мен сарапшылар қатысты.
Семинар-тренингтің бағдарламасы тергеудің рұқсат етілмеген әдістерінің алдын алудың теориялық және практикалық мәселелерін, шұғыл іс-қимылдарды жүргізу дағдыларын игеруді және әртүрлі ситуациялық жағдайларды талдауды қамтиды.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі