
Бүгін Бас прокуратураның Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы Н. Сүйіндіков Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшісі А. Карстэнс және Нидерланды Корольдігінің Ұлттық полициясының өкілі Х. Хоувенмен кездесті.
Кездесу барысында қылмыстық-құқықтық салада екіжақты шарттар жасасу мүмкіндігі, өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету бойынша практикалық қадамдар, сондай-ақ өзара қызығушылық тудыратын басқа да мәселелер талқыланды.
Н. Сүйіндіков Қазақстан прокуратурасының мемлекеттік органдар жүйесіндегі рөлі мен орны, қызметінің басым бағыттары туралы хабардар етті.
Өз кезегінде А. Карстэнс пен Х. Хоувен бұл кездесу көптеген мәселелерді талқылауға мүмкіндік бергенін және құқықтық саладағы екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға қызығушылық білдіргенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар берілген бағытта белсенді байланыстарды қолдауға дайын екендіктерін растады.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі