Балалар – біздің болашағымыз!

Балалар – біздің болашағымыз!

Бүгін Бас прокуратурада «Ашық есік күні» акциясы өткізілді, оған прокуратура органдарының қызметкерлері мен жұмыскерлерінің 200-ден астам баласы қатысты.

Балалар асфальтқа бормен сурет салып, аниматорлармен флешмобқа қатысты және көңіл көтеретін ойындарға қатысты.

Одан бөлек, ғимаратқа экскурсия кезінде олар Бас прокуратураның музейіне, халықаралық кездесулер залына, баспасөз орталығына, сall-орталығы, спортзал және Мәжіліс залына барды.

Сондай-ақ Қазақстан прокурорлар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған «Менің елімнің рәміздері – менің мақтанышым!» атты сурет байқауының жеңімпаздары мен қатысушылары марапатталды.

Кездесу ата-аналардың жұмыс орындарымен танысумен аяқталды. Балалар керемет әсер алды.

Бұл акция Бас прокуратура қызметкерлері мен жұмыскерлерінің балаларына арналған іс-шаралардың бірі болып табылады, олар Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында бір ай бойына өткізілетін болады.

20 мамырда балалар ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығына экскурсияға барды.

Экскурсия барысында балалар ежелгі заманнан қазіргі күнге дейінгі еліміздің әскери тарихы туралы баяндайтын көптеген экспонаттармен танысты.

27 мамырда «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мұражай-мемориалдық кешеніне экскурсия ұйымдастырылды. Балалар ел тарихындағы қасіретті кезеңдегі адамдардың тағдыры мен ауыр оқиғалар туралы мол мағлұмат алды.

Іс-шаралар балаларға патриоттық және адамгершілік тәрбие беруге, ескерткіштер мен мәдени құндылықтарға құрметпен қарауға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағдарланған.

Алда балаларды елорданың мәдени-тарихи орындарына экскурсия күтіп тұр.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі