Бас прокуратура халықаралық қатынастарды дамытуды жалғастыруда

Бас прокуратура халықаралық қатынастарды дамытуды жалғастыруда

Бас прокуратурада Халықаралық-құқықтық ынтымақтастық қызметінің бастығы Н.М. Сүйіндіков БҰҰ-ның Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ ЕҚБ) Карен Крамер бастаған делегациясымен кездесті.

Кездесу шеңберінде қылмыстық-құқықтық саладағы БҰҰ ЕҚБ-мен қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен одан әрі даму болашағы талқыланды.

Тараптар есірткі және киберқылмысқа, терроризмге, адам саудасына және басқа да қауіпті қылмыстарға қарсы іс-қимыл сияқты негізгі бағыттар бойынша ынтымақтастықтың үдемелі дамуын атап өтті. 

Іс-шараға қатысушылар БҰҰ ЕҚБ CASC (Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдері прокуратурасы органдарының халықаралық-құқықтық ынтымақтастық желісі) желісі қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралармен байланысты Қазақстан Бас прокуратурасының бастамаларына ерекше назар аударды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимыл бойынша бірлескен қадамдарды белгіледі.

                                                                                 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі