«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы туралы

Электрондық үкімет порталында, сондай - ақ Бас прокуратураның сайтында «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы (бұдан әрі-Жарлықтың жобасы, жоба) орналастырылған.

Жоба 2022 жылғы 5 қарашадағы «Прокуратура туралы» Конституциялық заңға (бұдан әрі – Конституциялық заң) сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.

Жарлықтың жобасы Бас Прокуратура туралы және Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті туралы ережелердің жаңартылған редакциясын қамтиды.

Бұл ережелер аталған органдардың және олардың бірінші басшыларының міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін көздейді.

Атап айтқанда, Конституциялық заңның новеллаларын іске асыру үшін Бас Прокурордың келесідей өтініш жасау құқығы бекітіледі:

- Конституциялық Сотқа (халықаралық шарттар ратификацияланғанға дейін олардың конституциялылығын тексеру; заңдар мен өзге де НҚА, Конституция нормаларын түсіндіру бойынша);

- Жоғарғы сотқа азаматтық, қылмыстық, әкімшілік істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот практикасына түсініктеме беру туралы.

Құқық қорғау функциясын нығайту шеңберінде жоба Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және меншік нысанына қарамастан басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл мәселелерін көздейді.

Сондай-ақ, іске асырылатын қызмет бағыттарын ескере отырып, жекелеген құрылымдық бөлімшелердің атауы өзгертіледі.

Жобаны талқылау 29.03.2023 жылға дейін жалғасады.

Жобамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14447291