«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғаныс органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының жобасы туралы

«Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары,  азаматтық қорғаныс органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының  жобасы туралы

2022 жылғы 9 қарашада нормативтік құқықтық актілердің ашық деректерінің интернет-порталында «Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғаныс органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің Әдеп кодексін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі – Жарлық жобасы)  жарияланды.

Жарлық жобасы «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуге байланысты әзірленген және Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғаныс органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің бірегей Әдеп кодексін қабылдауды айқындайды (бұдан әрі – Әдеп кодексі).

Әдеп кодексінің мақсаты құқық қорғау органы қызметкерінің жоғары атағын, құқық қорғау қызметінің ерекшеліктерін және оны өткеруге байланысты шектеулерді ескере отырып, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметтегі және тұрмыстағы мінез-құлқының бірыңғай стандарттарын белгілеу болып табылады.

Жарлық жобасын жария талқылау 10 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі