«Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi №675 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Электрондық үкімет порталында және Бас прокуратураның сайтында  «Прокуратура органдарына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке және экономикалық тергеу қызметіне кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеудің және оны өткізу шарттарының, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2020 жылғы 26 маусымдағы №80, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №199 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 14 шiлдедегi №675 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрықтың жобасы (бұдан әрі-Жоба) жарияланды.

Бұйрықтың жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті және білім беруді дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 14 шілдедегі №141-VII заңын (бұдан әрі - Заң) іске асыруға әзірленді.

Заңмен «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына Жеке және заңды тұлғалар цифрлық құжаттар сервисі арқылы оны ұсынған кезде жеке басты куәландыратын құжаттың қағаз жеткізгіштегі нысанымен мәні бірдей электрондық форматын пайдалануды көздейтін түзетулер енгізілді.

Өзгерістер редакциялық сипатта болады.

Атап айтқанда, мәтін бойынша жеке басын куәландыратын құжатты ұсыну не оның болуы көзделген жағдайда оның электрондық форматын ұсыну бойынша балама көзделген.

Сондай-ақ кандидаттың міндетті арнайы тексеру жүргізу үшін құжаттарды жіберу кезінде жеке басын куәландыратын құжатты қайта ұсыну жөніндегі міндеті алып тасталды.

Жобасы талқылау мерзімі 28.11.2022 жылға дейін.

Жобамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14285146