«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы туралы

«Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы туралы

Электрондық үкімет порталында және Бас прокуратураның сайтында  «Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы (бұдан әрі-Жоба) жарияланды.

Бұйрық жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне құқық қорғау қызметін өткеру тәртібін жетілдіру, құқық қорғау органдары, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің және әскери қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы мен жауаптылығын арттыру, ведомствоаралық үйлестіру, ішкі істер органдарының дербестігі, жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін жауаптылықты күшейту және қару айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2022 жылғы 11 шілдедегі № 136-VII ҚРЗ Заңын іске асыру үшін әзірленді (бұдан әрі-Заң).

Заңмен «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңға құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдарға тиісті кәсіптік даярлығы мен елеулі жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер қатарынан тәлімгерді бекітуді көздейтін түзетулер енгізілді.

Құқық қорғау органдары басшыларының құқық қорғау қызметіне бірінші рет кіретін адамдар үшін тәлімгерлікті ұйымдастыру тәртібін, мерзімдерін айқындауға тиісті құзыреті «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның 12-бабының 8-тармағында көзделген (11.09.2022 жылдан бастап күшіне енді).

Қағидалар жобасы прокуратура органдарының жүйесіне бірінші рет кіретін адамдарға олардың табысты бейімделуіне ықпал ететін кәсіби дағдыларды игеруде көмек көрсетуге бағытталған.

Жобасы талқылау мерзімі 20.10.2022 жылға дейін.

Жобамен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14247395