«Ахмет – ұлт ұстазы» байқауы туралы

«Ахмет – ұлт ұстазы» байқауы туралы

Бас прокуратурада лингвист-ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет – ұлт ұстазы» республикалық байқауы болды. Іс-шара «Қазақстан прокурорларының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің қолдауымен өткізілді.

Байқауға республика бойынша прокуратура органдарынан 80 қызметкер қатысты. Байқаудың шартына сәйкес қатысушылар А. Байтұрсынұлының өлеңдерінен, аудармаларынан не зерттеулері мен мақалаларынан үзіндіні жатқа айтып, оларды Инстаграм әлеуметтік желісінде орналастырды.

Үміткерлерді арнайы құрылған қазылар алқасы бағалады, оның құрамында филолог-ғалым болды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметінің Басқарма аға прокуроры Бауыржан Төлегенов Бас жүлдеге лайық деп танылды.

Қостанай облысы Жангелді ауданы прокуратурасының аға прокуроры Мейрамкүл Қозбақ І орын алды.

Алматы қаласы Бостандық ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Найля Қанатова мен Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрсаятхан Жүнісәлі ІІ орынды өзара бөлісті.

Қызылорда қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Әйгерім Шоқбарова және ҚСжАЕК Маңғыстау облысы бойынша басқармасының аға прокуроры Марал Найзабекова ІІІ орынды иемденді.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Алматы қаласының прокуратурасы «Үздік ұжым» деп танылды.

Байқауда белсенділік танытқан бірқатар қызметкерге Бас Прокурор алғыс жариялады, олар: Ақмола облысы Жақсы ауданы прокуратурасының аға прокуроры И.Т. Шалхабанова, Атырау облысы прокуратурасының Басқарма бастығы Б.Ш. Ақылбеков, Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданы прокуратурасының аға прокуроры Ж.М. Түсіпбаева, Астана қаласы «Есіл» ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры Е.Е. Тамаев, ҚСжАЕК Қызылорда облысы бойынша басқармасының инспекторы Д.С. Тұрсынбек, Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы прокуратурасының іс жүргізу жөніндегі инспекторы Е.И. Смирнова.

Сонымен қатар А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында Бас прокуратура басшылығы елордадағы Қаламгерлер аллеясында орналасқан «Алаш қайраткерлері» ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, ақын рухына құрмет көрсетті.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі