«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлық жобасы туралы

«Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлық жобасы туралы

Электронды үкімет порталында және Бас прокуратураның сайтында «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі-Жарлық жобасы) жарияланды.

Жарлық жобасы аясында «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы туралы Ереже» Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекске және «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 01.09.2017 ж. № 590 қаулысына сәйкес келтірілді.

Жоғарыда көрсетілген нормативтік құқықтық актілермен қатар, Жарлық жобасында «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 02.05.2022 жылғы № 886 және 03.05.2022 жылғы № 887 Жарлықтары бойынша қабылданған толықтырулар ескерілген.

Заң жобасын талқылау мерзімі 18.05.2022 жылға дейін.

Жарлық жобасымен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14173077.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі