Бас әскери прокурор тағайындалды

Бас әскери прокурор тағайындалды

Мемлекет басшысының келісімімен, Бас Прокурордың бұйрығымен Секенов Дастан Әбдіқадырұлы Бас әскери прокурор болып тағайындалды.

Д.Ә. Секенов прокуратура органдарындағы қызметін 1996 жылы Алматы қаласының Ақсай ауданында тағылымдамашы болып бастаған.

2001 жылға дейін Алматы қаласының прокуратурасында түрлі лауазымдарда жұмыс жасаған.

2001-2009 жылдар аралығында Бас әскери прокуратурада басшылық лауазымдарды атқарды.

2009 жылы Талдықорған гарнизонының әскери прокуроры болып тағайындалды.

2014-2018 жылдары Қаржы және Ұлттық экономика министрліктерінде департаменттерді басқарды.

2018 жылы Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, 2019 жылы Мемлекеттік құқық бөлімнің сектор меңгерушісі болып тағайындалды.

2019 - 2021 жылдары – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы болды.

2021 жылғы мамырдан Бас әскери прокурордың бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Сыныптық шені – әділет полковнигі.

«Құрмет» орденімен наградталған (2015 ж.).

 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі