ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

ТМД-ға қатысушы мемлекеттер Бас прокурорларының Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті

(2022 жылғы 24 маусым, Минск, Беларусь Республикасы)

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің (Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан) Бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (БПҮК) 32-ші отырысының жұмысына қатысты.

Күн тәртібінде қылмыстық жолмен табылған кірістерді заңдастыруға қарсы күрес және активтерді қайтару; экстремистік, сондай-ақ өзге де құқыққа қайшы ақпаратты таратуға қарсы іс-қимыл; адам саудасына, заңсыз көші-қонға қарсы күрес және басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

Қазақстанның Бас Прокуроры өз баяндамасында қылмыстық процесте бизнесті қорғау және экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына және заңсыз шығарылған капиталды қайтару  мәселелері бойынша еліміздің оң тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар Беларусь, Әзірбайжан, Қырғызстан, Армения, Өзбекстан және Ресей мемлекеттерінің Бас прокурорларымен екіжақты кездесулер өткізілді. Онда бұл мемлекеттермен қылмыстық-құқықтық қатынасты нығайту жөнінде негізгі мәселелер айтылды.

Оған қоса, аталған іс-шара барысында адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан мен Ресей Бас прокуратуралары арасындағы «Байқоңыр» кешені аумағындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Жалпы, кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар қылмыстың барлық түрлеріне қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниет білдірді.