Құқық қорғау органдары академиясы тыңдаушыларының оқуды аяқтауы туралы

Құқық қорғау органдары академиясы тыңдаушыларының оқуды аяқтауы туралы

Бүгін Құқық қорғау органдары академиясында прокуратура органдарына қызметке алғашқы кәсіби дайындық бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған тыңдаушылардың екінші легінің бітіруіне арналған салтанатты шара өтті.

Іс-шараға Бас Прокурордың орынбасары, жоғары оқу орнының қалыптасуының, құқық қорғау корпусы кадрларын даярлаудың тұжырымдамалық жаңа жүйесін әзірлеудің бастауы болған Академияның тұңғыш ректоры Ұлан Байжанов қатысты.

Түлектерді құттықтай келе, Ұ.Байжанов прокуратурадағы қызмет үлкен жауапкершілік жүктейтінін, өйткені заңдылықты қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау маңызды міндет болып табылатынын атап өтті. Елдегі тұрақтылық, заңдылық пен қауіпсіздік кәсібилік пен құзыреттілікке байланысты болады. ​

99 түлек курсты сәтті аяқтағаны туралы сертификат, ал ең үздіктері — Бас Прокурордың атынан алғыс хаттар, 3-сыныпты заңгер -  бірінші сыныптық шенінің погондарын алды.

2020 жылы басталған алғашқы кәсіби дайындық институты бүгінде Академияның ғылыми-білім беру қызметінің стратегиялық бағыттарының біріне айналған.

Мамандану бағдарламасын жүзеге асыра отырып, Академия түлектерге мамандыққа сенімді жолдама береді.

Басты ерекшелік — оқытудың тереңдетілген практикалық бағдары, оқу пәндерінің мамандандырылған сипаты және бейінді органдардағы тағылымдама.

Мұндай тәсіл өзінің іскерлік және моральдық қасиеттері бойынша құқық қорғау органдарының алдында тұрған міндеттерді құзыретті  шешуге қабілетті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі