Бас Прокурордың Түркияның Бас омбудсменімен кездесуі туралы

Бас Прокурордың Түркияның Бас омбудсменімен кездесуі туралы

Бүгін Бас Прокурор Берік Асыловтың Түркияның Бас омбудсмені Шереф Малкоч мырзамен, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімовамен кездесуі өтті.

Шетелдік қонақ Қазақстан Республикасы Президентінің бастамасымен жүргізіліп жатқан конституциялық реформалар туралы хабардар болды.

Атап айтқанда, Бас Прокурор «Прокуратура туралы» Конституциялық заң жобасын әзірлеу жұмыстарының барысы, оның ішінде Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мен басқа да құқық қорғау институттарымен өзара іс-қимыл механизмдері, сондай-ақ азаптауға қарсы іс-қимыл функциялары және басқа да новеллалар туралы айтты.

Омбудсмен қадағалау органының Қазақстандағы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру жұмысында ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Бас прокуратураның басшылығы жыл басынан бері халықаралық ұйымдармен, шет мемлекеттердің дипломатиялық корпусымен және шетелдік БАҚ-пен осыған ұқсас бірқатар кездесулер өткізді.

 

Бас прокуратураның баспасөз қызметі